
Әбілғазин Бауржан Ермекұлы
Астана қаласы ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті
Мемлекеттік қызмет, құқық қорғау қызметі, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару салаларында тәжірибесі бар басшы.
1981 жылы 7 желтоқсанда Ақмола облысында дүниеге келген.
2005 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы «Фемида» заң академиясында құқықтану магистрі дәрежесін алды.
2001–2009 жылдары ҚР ішкі істер органдарында қызмет атқарды. Кейіннен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіби қызметін жалғастырды.
2019–2023 жылдары «Казахалтын» ГМК АҚ-да күзет, режим, ішкі бақылау және қауіпсіздік мәселелерін қадағалай отырып, басшы қызметтер атқарды.
Корпоративтік қауіпсіздік, ішкі бақылау, қызметті құқықтық сүйемелдеу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және персоналды басқару салаларында мол тәжірибесі бар.
Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.
Вице-президенттер